Үндістанда он күн қатарынан тәулік сайын 300 мыңнан астам жағдай тіркелуде.
Бүгінге дейін Үндістанда тек дәрігерлер мен 45 жастан асқан адамдар ғана коронавирус вакцинасын алып келді. 1 мамырдан бастап елде 18-45 жас аралығындағы халықты вакциналау басталуы керек, бірақ бірқатар штаттар билігі вакцинаны жеткіліксіз деп ескертті.
Делидің бас министрі Арвинд Кеджривал адамдардан вакцинаға кезекте тұрмауларын сұрады, өйткені Үндістан астанасы әлі қажетті дәрі-дәрмектерді алған жоқ.
«Алдағы бірнеше күнде вакцина орталықтарына келмеулеріңізді сұраймыз. Бүкіл елде көптеген адамдар вакцинаға жазылды, бірақ біз вакцина алған жоқпыз. Біз компаниялармен үнемі байланыста боламыз және дәрі-дәрмектерді бір-екі күнде аламыз деп үміттенеміз», - деді ол.
Еске салсақ, Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатып, елдегі жағдай қиындады. Бірқатар ел Үндістанмен әуе қатынасын тоқтаты. Сондай-ақ, Аустралия азаматтарына Үндістанға баруға тыйым салып, егер барса 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екендігін ескертті.