Атап айтқанда, найзағай кезінде екі әйел егістікте жұмыс істеген. Тағы бес адам Джаджпур округінде найзағай кезінде ағаштың астына тығылуға әрекеттенгенде қаза тапқан, деп хабарлайды РБК.
Бұдан басқа, зардап шеккен 15 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың алтауының жағдайы өте ауыр деп бағаланады.
Сондай-ақ найзағай кезінде негізінен үстеріне ағаш құлау салдарынан бірнеше ондаған үйлер қирады.
Қазіргі кезде құтқару және қалпына келтіру жұмыстары өткізілуде. Табиғи апаттан келтірілген шығын анықталу үстінде.