Бұған дейін үндістандық БАҚ ауа райының қолайсыздығынан 14 адам қаза тауып, 6 адамның зардап шеккендігін хабарлаған болатын.
Жексенбі күні елдің солтүстік-шығысындағы жағалау округтері табиғат апатының соққысына ұшырады. Осыдан кейін найзағайлы жауын аумақ жағалауынан шалғай өңірлерге ауысты. Дүйсенбі күні Самбалпур және Катака округтерінде зардап шеккендер санының күрт көбейгендігі тіркелді.