Үндістанда жай түсіп, қаза тапқандар саны 26 адамға жетті
16:45, 10 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Бихар штатында найзағай соғуының салдарынан ажал құшқандардың саны 26 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости штаттың төтенше жағдайларды реттеу департаментінің өкілі Анирудха Кумарға сілтеме жасап.
Бұдан бұрын Уттар-Прадеш пен Бихар штаттарында жай түсіп, 19 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді.
IANS агенттігінің дерегі бойынша, мерт болғандар арасында балалар мен әйелдер бар. 10-нан астам адам зардап шеккен.