Телеарнаның хабарына қарағанда, жол апаты бүгін таңертең Дхалаи округінде болған. Апат салдары әзірге белгісіз.Жергілікті медициналық қызмет өкілдерінің айтуынша, 30 жолаушының 22-сі хал үстінде жатыр. Қазір оларға ауруханада көмек көрсетілуде. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.Штаттың бас министрі Биплаб Кумар Деб зардап шеккендер жатқан ауруханаға барған. Оның айтуынша, құлаған автобус жолаушыларының ем-домына кететін қаражатты үкімет өз мойнына алады.
13:30, 05 Желтоқсан 2018
Үндістанда жолаушы толы автобус шатқалға құлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан шығысындағы Трипура штатында автобус шатқалға құлап, соның салдарынан кем дегенде 30 адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.