Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Оқиға Куллу қаласының маңындағы тау бөктерінде болды. Полицейлердің айтуынша, жолаушылардың денін судың күшті ағыны алып кеткен. Ал, көлік жүргізушісі автобустан секіріп үлгерген. Бұндай жағдайлар Үндістанда, әсіресе, таулы аймақтарда жиі болып тұрады. Наурыз айында да осындай жол апаты тіркеліп, 40 шақты адам мерт болған еді.