Үндістанда жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысып, 20 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысып, шамамен 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Times of India газетінің электрондық нұсқасы хабарлады.

Соқтығысудан кейін экспресстің 6 вагоны рельстен шығып кеткен. Апат себептері анықталуда.