Үндістанда жолаушылар мінген жүк көлігі апатқа ұшырады

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Жолаушылар мінген жүк көлігі Үндістанның солтүстік-батысында аударылып кетті. Орын алған оқиғаның салдарынан кем денеде 24 адам, оның ішінде 8 бала қаза болды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап, Утро. Ру хабарлайды. 

Қайғылы оқиға Гуджарат штатында болды. Жүк көліктің ішінде тұз толтырылған қапшықтар болған, оның үстінде адамдар отырған. Жолдың бұрылысында жүргізуші басқару тетігіне ие бола алмай қалып, көлік аударылып кеткен. 24 адам көз жұмып, 15-і жарақат алды. 

Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан, полиция оны іздестіруде. Билік өкілдері мәлім еткендей, қаза болғандар мен жарақаттанғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.