Оқиға Пукраян қаласына жақын жерде орын алды. Себебі әзірге белгісіз. Алайда кей дереккөздер апатқа рельстердің ақауы себеп болуы мүмкін екенін айтуда.
09:31, 20 Қараша 2016
Үндістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 60 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде жолаушылар пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетіп, 60 адам қаза тапты. Бұған дейін «30 жолаушы ажал құшып, 150 адам зардап шекті» деп хабарланған еді, алайда құрбандар саны сәт сайын өсіп келеді, деп хабарлады New Indian Express газеті.