АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға бейсенбіге қараған түні болды. Хаора қаласынан (Батыс Бенгалия штаты) Амритсарға (Пенджаб штаты) бағыт алған жүрдек пойыз машинисі бейсенбі күні 01.14 кезінде вагондардың біріндегі дәретханадан күдікті зат таба салысымен, пойыз құрамын Уаттар-Прадеш штатының стансасына тоқтатқан
Екі вагон жолаушылары құрамнан эвакуацияланды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен саперлер күдікті заттың бомба екендігін анықтады.
«Оқиға орнына саперлер тобы келіп, жарылғыш зат пойыздан шығарылып, залалсыздандырылды», - деді ND телеарнасының эфирінен Уаттар-Прадеш полициясының өкілі Саумитра Ядав.
Жарылғыш құрылғымен бірге Абу Дуджаның «Лашкар-и-Таиба» лаңкестік тобы содырларының өлімі үшін кек қайтарылатындығы жайлы жазылған жазба да табылды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.