Үндістанда жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетті, құрбан болғандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның батысындағы Махараштра штатында жексенбі күні жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетті.

Төрт адам қаза тауып, 25-тен астам адам жарақат алды. Бұл туралы Times of India газеті хабарлайды.

Осы ауданда темір жол хабарламасына жауап беретін «Орталық темір жол» көлік компаниясы әзірге мерт болған адамдар туралы ақпаратты нақтыламай отыр. Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 9:30-дар шамасында орын алған.

Жергілікті тұрғындар жолаушыларға көмек көрсетуде. Оларға ауызсу, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары, көлік жеткізілді.