Үндістанда жолаушылар ұшағына бомба туралы хабарламадан кейін шұғыл қонуға тура келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Нагпур қаласында жолаушылар ұшағы бортқа бомба қойылған деген хабарламадан кейін шұғыл қонды.

Бұл туралы ТАСС Hindustan Times газетіне сілтеме жасап хабарлады. Жолаушылар ұшағы Бхубанешвардан Мумбайға бара жатқан. Басылым жолаушылардың ұшақтан эвакуцияланғанын мәлім етті. Қауіпсіздік қызметі тексеру барысында жарылғыш зат таппады.