Бұл туралы РБК ақпараттандырды.
Полицияның пікіріне қарағанда, зардап шеккендер қатарында жарылысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір азамат бар, деп хабарлайды Associated Press.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бомба кездейсоқ жарылған. Салдарынан қасында тұрған үш үй қирап қалған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқару жасағы қаза тапқан төрт адамның мүрдесін тауып алған, тағы екеуі ауруханада көз жұмған.
Қираған ғимараттарды тексеру барысында полицейлер тағы екі жарылмаған бомбаны және жарылғыш затты жасауға пайдаланылған химиялық материалдарды тауып алды.
Қаза тапқандардың жеке бас мәліметтері әзірге анықталған жоқ. Себебі ауыл тұрғындары полицейлер жасағы келгенше қамауға алынудан қорқып өз үйлерін тастап кетіп қалған.
Жарылыс АЭС -ке тікелей жақын орналасқан, ядролық энергетикаға наразылық тудырушылардың орталығы болып табылатын ауылда болған. АЭС-ке ешқандай хияны тиген жоқ, оның жұмысы штаттық тәртіпте жалғасуда.