Сенбі күні аптап ыстық салдарынан шамамен 150 адам қаза тапқаны белгілі болған. Олардың 73-і Андхра-Прадеш штатының және 80-і Телангана штатының тұрғыны.
Метеорологтардың ақпаратынша, жақын арада ауа температурасы тағы көтеріледі. Құтқару қызметі қауіпсіздік шараларын сақтап, далаға шықпауға кеңес береді. 40 градустан асатын температура бұл кезде Үндістанның басым аумағындағы табиғатына тән құбылыс. Мұндағы кей жерлерде наурыз айынан маусым айына дейін құрғақ болады. Кейін оны жаңбырлы маусымы алмастырады. Сәуір мен мамыр айлары - мұндағы ең ыстық мезгіл, деп жазды РИА Новости.