Үндістандағы аптап ыстықтан 100-ден астам жан қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан мемлекетінің оңтүстік бөлігінде орын алған аптап ыстықтан 111 жан көз жұмған, деп хабарлады muslim.kz.

Аймақта 1 сәуірден бастап температура тілі 40 градустан төмендемеген. Билік өкілдері жақын арада бұдан да қатты ыстық болуы мүмкін деп қауіптенуде. Бұл аймақтағы ең ыстық мезгіл әлі алда көрінеді.

Үндістан тропикалық метеорология институтының болжамдары да көңіл көншітпейді. Үндістанда жақын күндері ауа райы күрт көтерілетіні айтылып отыр.

Айта кетейік, былтырғы жылы Үндістан тарихында бұрын-соңды болмаған аптап ыстық тіркелген еді. Шіліңгір шілденің аптабынан 2000 жан қайтыс болған.