Деректерге сәйкес, 20-дан астам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында. Сондай-ақ, бөгетке жақын орналасқан 12 үйді толықтай су басып қалған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Маусым айының соңында Үндістанға соңғы 10 жылдағы ең күшті муссон келген. Қазіргі уақытта Махараштра штатында 20 адам қаза тапқан. Синоптиктер жауын-шашынның тағы бірнеше күн жалғасатынын болжап отыр.