Үндістандағы дауылдың салдарынан 27 адам қаза болды
16:16, 12 Мамыр 2009
МӘСКЕУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігінде болған дауылдың салдарынан кемінде 27 адам қаза болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Полицияның мәліметтеріне қарағанда, Уттар Прадеш штатында желдің жылдамдығы сағатына 110 шақырымға жетіп, ағаштарды тамырымен жұлып кеткен, үйлерді қиратқан. Тағы 23 адам жарақаттанған.