Үндістандағы фермалардың бірінде жай түсіп, 9 адамның өмірін қиып кетті
05:12, 25 Шілде 2015
            АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанадағы Бихар штатында  найзағай соғып, 9 жергілікті тұрғын ажал құшты, тағы 13 адам жарақаттанды.
                Қайғылы оқиға Каймур округіндегі фермалардың бірінде орын алды деп хабарлайды РИА Новости.
Барлық зардап шеккендер госпитальға жеткізіліп, тиісті медициналық жәрдем көрсетілді.