Бұл туралы ҚазАқпарат The Times of India порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қою түтін мен жалыннан қашқан бірнеше оқушы ғимараттың үшінші және төртінші қабаттарынан секіріп кеткен. Олардың көпшілігі ауруханаға түсті. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда»,-деп хабарлады қалалық өртке қарсы күрес қызметі.
Өрттен сақтандыру диспетчерлік қызметінің өкілі тілсіз жауды ауыздықтау мен адамдарды құтқару үшін 19 өрт сөндіру техникасы мен 2 биікке көтеретін құрылғылар қолданылғандығын жеткізді.
Үндістанның Премьер-Министрі Наредра Моди өрттен қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, Гуджарат штатының басшылығы мен жергілікті билік өкілдерін зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді міндеттеді.