Бұған дейін 10 адамның мерт мәлім болған еді.
«Қазір біз 16 адамның мәйітін алып шықтық және құрбандардың саны 23-ке жетеді деп болжап отырмыз», - деді агенттікке полиция өкілі Р.К. Маллик (RK Mallick).
Оқиға бейсенбі күні кешке Лалматиядағы кен орнында болған. Кешкі қараңғылық пен тұманнан шахтерлерді іздеу операциясы таңғы уақытқа қалдырылды.
Оқиға орнында іздестіру операциясы жалғасуда. Агенттіктің хабарлауынша, шахта ішінде жеті кенші қалып қоюы мүмкін.