Үндістандағы тасқын: 10 млн адам зардап шекті
14:51, 22 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанға муссон нөсері алапат зардабын тигізіп отыр. Ассам және Бихар штаттарында толассыз жауған жауыннан кейін болған су тасқыны 166 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.
Зардап шеккендер саны 10 миллионнан асыпкетті.
Дүйсенбі таңындағы дерек бойынша, Бихарда 102адам, Ассам штатында 64 адам мерт болған. Бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткендертізімінде.
Айта кетсек, су тасқыны шілденің басындабасталған еді.
Қазіргі уақытта Бихарда 7,2 млн адам, Ассамда3,8 млн адам су тасыған аумақта оқшауланып қалған.