Бұдан бұрын 72 адам қаза тапты деп мәлімделген болатын.
"Қазіргі уақытта негізінен құтқару шаралары аяқталғандықтан, біз басты күшті зардап шеккендерге көмекке аудардық. Тасқынның беті қайта бастады",-дейді үнділік National Disaster Response Force (NDRF) басшысы О. Сингх.
Оның айтуынша, зардап шеккен екі штатқа 16 құтқару командасы орналасқан. Олар су басқан аймақтан 6 мыңға жуық адамды құтқарып, тұрғындарға шамамен 80 центнер азық-түлік пен өзге де қажетті заттарды үлестірді.
Нөсер жаңбыр Ассам мен Мегхалая штаттарында бір аптадан бері тоқтаусыз құйып тұр.