Агенттіктің мәліметінше, зардап шеккен азаматтар аса ауыр халде ауруханада жатыр.
Полицейлердің мағлұматтарына сәйкес, апатқа газ баллонының жарылуы себеп болған. Жарылыстан кейін ғимараттың іші отқа оранған. Құрбандарының барлығы - зауыт жұмысшылары.
India TV телеарнасының мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасап жатыр. Арнайы қызмет өкілдері әзірге тілсіз жаудың бетін қайтара алмауда.