Үш күнге жалғасқан салтанатты рәсім барысында қалыңдықтар қызыл, жасыл, қызғылт сарилер киген.
Мереке ұйымдастырушы 7 жылдан бері әкесіз өскен бойжеткендердің тойын ұйымдастырумен айналысып келеді. Олардың жасауларын да қамтамасыз етіп береді екен.
100 мың қонақ қатысқан 150 жұптың үйлену тойына Савани 250 мың доллар қаражат жұмсады. Ол мұндай іске жаратқан ақшасын шығынға баламайтынын жеткізді.