Кездейсоқ оқиға жексенбі күні Эд-Даммамнан Коччиге бара жатқан Jet Airways авиакомпаниясы ұшағында болды. Бұл кезде бортта 162 жолаушы бар еді. Әйелдің толғағы басталғанда ұшақ экипажы шұғыл медициналық көмек қажеттілігі туындаған төтенше жағдай туралы хабарлады. Артынша әуе кемесіне Мумбаи әуежайына қонуға тура келді.
Босандырып алу кезінде экипажға Кералаға бара жатқан медбике көмектесті. Ұшақ қонғаннан кейін ана мен нәресте жергілікті ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайлары қалыпты. Артынша ұшақ сапарын қайта жалғастырды.
Авиакомпанияның мәлімдеуінше, бұл Jet Airways ұшақтары бортында болған алғашқы оқиға. Осыған байланысты сәбиге өмір бойы тегін ұшу құқы берілді.