Үндістандық ғалымдар зағип жандарға арналған белгі беретін смарт-таяқша ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан ғалымдары көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған арзан (30-40 доллар) смарт-таяқша ойлап тапты.

Өнертапқыштар SmartCane деп атаған құрылғы жоғары бөлігі ультрадыбысты локатормен жабдықталған дәстүрлі ақ таяқшадан тұрады. Ол кедергілерді анықтап, оны еңсерудің ықтимал жолын көрсетеді, сосын бұл туралы дірілдеткіш арқылы пайдаланушыға хабарлайды.

Көзі нашар көретін адамдар пайдаланатын кәдімгі ақ таяқша тізеден төмен кедергілерді еңсеруге қолайлы, алайда тізеден жоғары ағаш бұтақтары, ғимарат қабырғалары сияқты деңгейден жоғары кедергілерден қорғай алмайды. Делидегі Үндістан технологиялық институтының ғалымдары зағип адамдардың өмірін жеңілдетуге қабілетті осындай арзан құрылғы жасап шығарды.

Таяқшаның жоғары бөлігіндегі сенсор үш метрге дейін қашықтықтағы ультрадыбысты толқындар белгісін қабылдайды әрі жібере де алады. Қандай да бір кедергі бұл толқындардың жолын бөгесе, олар кері қайтып, сенсормен айқындайды. Пайдаланушыға алда кедергі бар екенін сездірерде құрылғының дірілдеткіші іске қосылады.

Ақ таяқшаға бекітілген құрылғы аккумулятор батареясымен жұмыс істейді. 132 грамм салмақпен смарт-таяқшаны түрлі режімде - үйде, көшеде пайдалануға болады, әрі жоғары бөлігін жеке алып (соңғы жағдайда тізеден төмен кедергі белгісі болмайды) пайдалануға болады.

Зерттеу көрсеткендей, құрылғы қалыпты таяқшаны пайдаланып жол жүргенде кеткен уақытты үнемдеуге көмектесті.

Қуаты толтырылған аккумулятор үздіксіз сегіз сағат жұмыс істей алады. SmartCane әзірлеушілері аспаптың сезімталдығы сонша, қатты жауын кезінде де дірілдеткіш іске қосылады, алайда жер деңгейінің, мысалы баспалдақтағы өзгерісті айқындай алмайды.