Үндістандық имамдар мықыннан төмен шалбар киюге қарсы болып отыр

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Үндістандағы кашмирлік пірәдарлар Рамазан айында «шариғатқа қайшы» деп мұсылмандарға мықыннан төмен тұратын шалбар киіп жүруіне тыйым салды.

Бұл жайында Нindustan times хабар таратты.

Олар намаз оқыған кезде адамның арқасы мен белі жалаңаштанып, құлшылыққа кедергі келтіретінін алға тартып отыр.

muslim.kz сайтының жазуынша, Шринагара имамдары, тіпті әлеуметтік желілерді де пайдаланып, мұсылмандарды мешітке мұндай шалбар киіп келмеуге үндеді.

Дінбасылар бұл келеңсіздікті тыю үшін уағыз айтып, сөзбен тоқтатуды жөн көріп отыр.

Имамдар адамның тәнін жалаңаштайтын мұндай киім түрлерінің намазды бұзатынын айтуда.