Үндістандық мәтінді 47 секундта мұрнымен басып шығып, рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық мәтінді мұрнымен теру жылдамдығы бойынша әлемдік рекорд орнатты. 23 жастағы Мохаммед Кхуршид Хуссейн 103 сөзді 47,44 секундта компьютер пернесінде теріп, басып шықты, деп хабарлады vesti.ru.

Қолы арқасына таңылған жас жігіт «Гиннестің рекордтар кітабы менің бұл сөйлемді ең қысқа уақытта жазуыма түрткі болды» деген сөйлем жазып шықты. Бұл үндістандық жігіттің екінші рекорды. Ол бұған дейін ағылшын әліпбиін небәрі 3,43 секундта теріп шыққан еді. Оны реордсмен қолдарымен жазды.

Mirror-дың хабарлауынша, жас жігіт әріптерді мұрнымен теріп, бәсекелестік деңгейге жету үшін үш жыл бойы күніне алты сағаттан жаттыққан. Ақырында ол 2008 жылы Дубайда орнатылған рекордтан асып түсті. Ол кезде бұл рекордты жасаған адам мәтінді бір минут 33 секундта теріп шыққан еді.

«Егер рекорд жасағыңыз келсе, әрбір миллисекунд маңызды. Мен бір көзімді жұмып отырып жаздым, әйтпесе клавиштердің орналасуын сезіну қиынға соғар еді», деп Мохаммед өз тәжірибесімен бөлісті.