Үндістандық мұғалім 20 жыл жұмысқа келмеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Мадхья-Прадеш штатының билік өкілдері Индор қаласындағы мектептердің бірінің мұғалімі 20 жыл жұмысқа келмегенін анықтады.

Сангита Кашьяп 1994 жылы Индора қаласындағы мемлекеттік мектепке жұмысқа орналасқан. Бірақ сол кезден бері жұмысқа келмеген екен. Ал елдің білім министрлігі болса, оның неліктен жұмыстан шығарылмағанын түсіндіре алмады.

Би-би-си тілшісі атап өткендей, өңірде көптеген мұғалімдер көп уақыт жұмысқа келмейтін көрінеді.

Кейбір мұғалімдер мектепте 3 жыл көрінбейді екен. Ал Сангита Кашьяп 20 жыл бойы жұмысқа келмей, бұл көрсеткіш бойынша рекорд орнатты.