Бұл туралы «Хинду» газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Солтүстік-үндістандық үлгі дәстүрімен тігілген бұл костюмді үндістандық премьер өткен жылы АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуде бір рет қана киген. Өткен жылы ақпандағы кездесуден кейін Моди оны қайырымдылық аукционына қойды. Одан түскен қаржы үндістер үшін киелі саналатын Ганга өзенін тазалау бағдарламасын іске асыратын қорға жіберілді.
Үндістандық белгілі тігінші Ахмедабад тіккен костюм шамамен миллион рупийге бағаланған, ол 43 млн рупийге сатылды. Оны бриллиант сататын компания иесі Лалджибхаи Патель сатып алды. Ол бұл бірегей костюм тарих қойнауына кіруі үшін, Гиннестің рекордтар кітабына жүгінген. Бірнеше айдан кейін оған рекорд деп тану туралы ресми сертификат берілді.