«М.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетіне ректордың жаңа орынбасары тағайындалды. Доктор Рам Виранджан Павлодар университетіне Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Бангладеш және Қытай елдерінен абитуриенттерді тарту ісімен айналысатын болады»,-деді осы университетің PR-стратегия және корпоративтік коммуникациялар орталығының директоры Руслан Билялов.
02:13, 11 Сәуір 2018
Үндістандық профессор Павлодардағы жоғары оқу орнының проректоры болды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Үндістанның Харьяна штатындағы Курукшетра университетінің профессоры Рам Виранджан Павлодардағы жоғары оқу орнында мемлекеттік университетке Оңтүстік және Шығыс Азия елдерінен абитуриенттерді тарту ісімен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.