Үндістандық жолбарыс туу рекордын орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жағалы ханым» төрт алан туды. Үндістанның «Пенч» ұлттық паркіндегі атақты жолбарыс ұрпақ өрбіту санынан рекорд орнатты. Жабайы табиғатта ол 26 мәуленге өмір сыйлаған.

Бұл жолбарыс мойнына радиоқарғыбау ілінген алғашқы жабайы мысық, сол себепті оған Колларвали ("Жағалы ханым") есімі берілген.

Колларвали 12 жаста, сондықтан өзі орнатқан рекордты жаңартуы мүмкін, деп хабарлады ТАСС.

Үндістан поштасы Колларвалидің құрметіне арнайы конверт пен марка шығарды.

Жабайы табиғатта 15 жылдан артық өмір сүрген жолбарыстар сирек кездеседі.