деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Сәл бұрынырақ үндістандық Қысқы спорт түрлері федерациясының басшысы Сурендра Сингх Патвал Олимпиада ойындарына қатысу үшін қаражатымыз жеткіліксіз, деп мәлімдеген болатын.
Өз кезегінде Спорт министрлігі Қысқы спорт түрлері федерациясын талап етілетін қаражатты алдын ала, яғни белгіленгендей, 90 күн бұрын сұрамағаны үшін айыптады. Алайда, шұғыл қаржы бөлуге уәде берді.
Атап айтқанда, шанашы Шиве Кешавану, тау шаңғышысы Химаншу Тхакуру, шаңғышы Надиму Икбалу мен олардың жаттықтырушыларына эконом кластағы ұшақ билеті және спорттық киімдер құны, сондай-ақ күнделікті қажеттіліктері үшін 50 доллардан төленетін болады.