Эвакуация бейсенбі кешке қарай аяқталуы тиіс, деп атап өтті басылым. Адамдарды арнайы жабдықталған орталықтарға, білім беру мекемелері мен басқа да ғимараттарға орналастырып жатыр.
«Фани» штат жағалауына жұма күні күндіз жетеді деп жоспарланып отыр. Дауылдың жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жетуі мүмкін. Жағалау маңындағы аудандарда қатты жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлады газет Үндістанның Метеорологиялық департаментіне (IMD) сілтеме жасап.