«Тәулігіне 400 мыңға дейін жағдай тіркеліп жатқан, коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлаған Үндістанда аумағында таралған штамның тасымалдануына жол бермеу үшін қосымша іс-шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасына келетін (оның ішінде үшінші елдер арқылы) тұлғалар және соңғы 14 күнде Үндістанға барған адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға алынған анықтамасының болғандығына және коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына қарамастан 14 күнге үй карантиніне оқшаулануы тиіс», - деді Алексей Цой.
10:48, 04 Мамыр 2021
Үндістаннан келген адамдар 14 күнге үй карантиніне жатуы тиіс – Алексей Цой
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістаннан келген адамдар 14 күнге үй карантиніне жатуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.