АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Үндістанның алғаш ұшырған ғарыштық зонды Жер орбитасының аралығынан өтіп, Марсқа қарай бағыт алды.
Құны 72 миллион АҚШ долларына тең «Мангальян» ғарыштық аппараты Марстың беті мен атмосферасын зерттейтін болады.
Сарапшылардың пайымынша, бұл тұрғыда Үндістан ғарыштық технологияларды дамытуда өзінің басты бәсекелесі Қытайды басып озуға тырысып отыр.
Екі жыл бұрын Марсқа қарай ұшырылған қытайлық зонд Жер орбитасынан шыға алмай, атмосферада жанып кеткен болатын.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.