Ұшақ елдің оңтүстігіндегі Ченнаи қаласынан әскерилерді Оңтүстік Андаман аралындағы Порт-Блэрге тасымалдаған.
Жергілікті билік іздеу шараларын бастады. Оған ұшақтар мен кемелер жұмылдырылды.
Үндістан ӘӘК өкілі Франс-пресс агенттігіне ұшқыштар диспетчермен Ченнаидан ұшып шыққаннан 15 минуттан кейін соңғы рет байланысқа шыққан.
Ан-32 әскери-көлік ұшағы 1970 жылы алғаш рет әуеге көтерілді, ал қолданысқа 1984 жылдары берілген. Үндістанның әскери әуе күштерінде осындай жүзге жуық ұшақ бар.