Үндістанның азаматтық белсендісі 15 жылға созылған аштықты тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның азаматтық белсендісі Иром Шармила 15 жыл бұрын бастаған аштықты тоқтатқаны және сайлауға қатысуға дайын екенін жариялады, деп хабарлады russian.rt.

44 жастағы әйелдің сөзіне қарағанда, аштық арқылы наразылық білдіруі еш нәрсені өзгерте алмағандықтан осындай шешім қабылдаған. Белсенді  Манипур штатының заңнамалық жиынына кандидатурасын ұсынатынын айтты, деп жазды The Indian Express.

Үндістандық 2000 жылдың қарашасында тамақ жеуден бас тартқан. Осылайша ол қарулы күштердің арнайы өкілеттіліктері туралы акттен бас тартуға қол жеткізбек болған.

Соңғы жылдары белсендіні мәжбүрлеп тамақтандырған.