Өз сөзінде Үндістандағы Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаев биыл, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуыа орай, осы шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Дипломат мекеме IT-индустрия, машина жасау, туристік, көлік-логистикалық инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан мен Үндістанның өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімділік білдірді.
Құрметті қонақ, Жоғарғы сот судьясы Агарвала Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты экономикалық байланыстарды тереңдетуге, өзара инвестиция ағынын ұлғайтуға елеулі үлес қосатынына сенімділік білдірді. Ченнай Үндістанның ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады. Елдің автомобиль астанасы саналады.