Үндістанның құрамында жиырма тоғызыншы штат пайда болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 маусымға қараған түнде Үндістанда жаңа 29-шы штат пайда болды, деп хабарлады Утро.ру.

Ол оңтүстіктегі Андхра-Прадеш штатының солтүстік бөлігінен құрылды.

Мемлекеттің жаңа бөлігі Теланган деген атауға ие болды. Алайда алдағы 10 жылда штат астанасы Андхра-Прадеш штатының басты қаласы - Хайдерабад болып қалады.

Үндістанның жаңа штатының халқы - 30 миллион адам.