Бұдан бұрын олардың саны 335 болған.
Жексенбідегі алдын ала деректер бойынша, ел оңтүстігіндегі аптап ыстықтан 165 адам қаза тапқан. Андхра-Прадеш штатындағы Мачилипатнам, Туни қалаларында ауа температурасы 47 °C-қа жеткен, деп хабарлады РИА «Новости» .
Метеорологтардың деректеріне сүйенсек, температура таяу күндері көтеріле түспек. Билік штат тұрғындарын абай болуға, көшеге көп шықпауға шақырды.
Үндістанның көп бөлігінде жылдың осы кезеңінде ауа температурасының 40 градустан асуы - әдеттегі ауа райы құбылысы. Наурыз-маусым аралығында кейін жауынмен алмасатын құрғақ маусым орын алады. Бұл елде сәуір мен мамыр ең ыстық, құрғақ маусым саналады.