Оқиға жұма күні кешке Телангана әкімшілік орталығы Хайдарабад қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде орналасқан Нагаркурнул округінде болды.
Көліктегі 6 жолаушы мен жолдан өтіп бара жатқан екі жүргінші зардап шеккен, деп хабарлады жергілікті полиция.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі автомобиль де жоғары жылдамдықпен келе жатқан.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Телангана провинциясының бас министрі Чандрашекхар Рао қаза тапқан адамдардың туыстарына көңіл айтты.