Үндістанның Премьер-министрі БҰҰ-ға Халықаралық йогтар күнін белгілеуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди БҰҰ-ға Халықаралық йогтар күнін белгілеуді ұсынды. БҰҰ Бас Ассамлеясының 69-ыншы сессиясында ол, йога әлемдік проблемаларды шешуге көмектесе алады деп мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, йога адамдарды қанаттандырып, өмірін өзгерте алады, олардың жауапкершілікке деген сезімін оятады. Яғни, барша адамзатты ғаламдық жылымыққа қарсы күреске жұмылдыратын болады.

Еске сала кетсек, бүгінгі таңда БҰҰ 118 Халықаралық күнді бекіткен.