Үндістанның солтүстігінде індет 18 баланың өмірін қиды

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Үндістанның Бихар штатында соңғы 8 күннің ішінде болжам бойынша, энцефалит індетінен 18 бала көз жұмды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Агенттік мәліметіне қарағанда, 11 бала Музаффарпур округінде және тағы жетеуі Гая округінде қайтыс болды. Өткен жылы осы штатта энцефалиттен 150 адам көз жұмған болатын. Биылғы жылы бұл індет қайғылы рекордқа жетпек. Бірнеше ондаған бала ауыр халде жатыр. Москит масасы тарататын бұл індет 2005,  2007, 2009 және 2011 жылдары әр жолы ондаған баланың өмірін қиып кеткен болатын. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, штат ауруханаларында қажеті дәрі-дәрмектер және ауруды анықтайтын заманауи жабдықтар жетіспейді.