Үндістанның солтүстігінде күшті жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде тербелісі 6,9 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап, ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.

Журналистердің мәліметтеріне қарағанда, жерасты дүмпулері ел астанасы - Нью-Делиде сезілді, мұнда дүмпудің қайталануы мүмкіндігінен сескенген көптеген тұрғындар үйлерінен сыртқа шықты. Сейсмологтардың хабарлауынша, жер сілкінісінің кіндігі - Гималай тауларының беткейіне орналасқан Сиккимде болған. Жерасты дүмпуі сондай-ақ Колкате, Гувахати, Лакхнау және басқа да Үндістан қалаларында сезілген. Құрбан болғандар мен қиратулар туралы әзірге хабарланған жоқ.