Бір қызығы, айтылған орындағы археологтардың зерттеулері расымен 20 метрлік тереңдікте бағалы металл қазбасының бар екенін көрсетіп отыр. Енді жергілікті билік әлі алынбаған алтынды елдегі ең кедей саналатын Уттар-Прадеш штатын дамытуға жұмсайтындығын айтуда. Бұл туралы 24.kz. хабарлады.
09:03, 19 Қазан 2013
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жергілікті тұрғынның түсінде көрген алтыны іздестірілуде
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Оған жергілікті тақуа Собхан Саркардың көрген түсі түрткі болған. Түсінде тақуаға аталған штаттағы Сингхараджа қамалының астында салмағы тоннаға тартатын алтынның көмілгені жайлы аян берілген.