Үндістанның тас ату фестивалінде 460-тан астам адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық дәстүрлі Gotmar Mela фестивалінде зардап шеккендер саны 460 адамнан асты. Бұл туралы India Today басылымына сілтеме жасап daylynews.ru хабарлады.

Зардап шеккен 10 адам ауыр жарақат алды, олардың үшеуінің жағдайы мүшкіл. Тас ату фестивалі үндістандықтардың жүздеген ғасырлардан бері келе жатқан дәстүрі.

Джаан өзенінің екі жағында тұратын Пандхерна мен Саваргаон ауылдарының тұрғындары қолдарына тас алып, бір-біріне қарсы шығады.

Мұндай ойындардың соңы оған қатысушылардың өлімімен де аяқталып жатады. Биылғы жылы бұл мерекенің арты жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Оған қатысушылар жедел жәрдем көлігі мен полицияның көліктерін талқандап, полиция қызметкерлеріне оларға қарсы көзден жас шығаратын газды пайдалануға тура келді.