Үндістердің аз тайпасынан шыққан қыз әлемді мойындатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық үндіс Эшли Бернхэм Минск қаласында өткен «Әлем аруы - 2015» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі.

Эшли Бернхэм өте аз Кри үндіс тайпасынан шыққан. 30 тамыздағы қорытынды бойынша ол әлем аруы атанды.

«Мен өз аз халқымның өкілі ретінде осындай сайыста жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Сондай-ақ, мен бірінші канадалық жеңімпазбын», - деді ол.

«Әлем аруы-2015» байқауы Баларусь астанасында 25-30 тамыз аралығында өтті.