Үндістан екі баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді
НЬЮ-ДЕЛИ. KAZINFORM – Үндістан қысқа қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыран – Prithvi-II және Agni-I-дің сынақтық ұшыруларын сәтті жүзеге асырды. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі баспасөз хабарламасында мәлім етті, деп жазады ТАСС.
Сынақтар елдің шығысындағы Одиша штатында орналасқан Чандипур полигонында өтті. Зымырандар Стратегиялық күштер қолбасшылығының бақылауымен ұшырылды.
– Барлық техникалық және пайдалану параметрлері расталды, – деп атап өтті үнді әскери ведомствосы.
Prithvi-II мен Agni-I Үндістанның стратегиялық арсеналының құрамына кіреді және жоғары дәлдікпен соққы жасауға арналған. Prithvi-II 0,5-1 тонна аралығындағы оқтұмсықтарды алып жүре алады, ұшу қашықтығы – 250-350 шақырым. Ол зымыраннан қорғану жүйелерінен жалтару технологиясымен жабдықталған және нысанаға бағыттаудың ең жаңа жүйесін қолданады.
Agni сериясындағы баллистикалық зымырандар Үндістан Қорғаныс министрлігінің басқарылатын снарядтарды әзірлеу бойынша кешенді бағдарламасы аясында жасалған. Қазіргі таңда елдің қарулы күштерінде бұл зымырандардың төрт түрі бар. Agni-I зымыранының ұшу қашықтығы 700 шақырымға дейін жетеді.
Айта кетейік, мамыр айында Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай қанатты зымырандар ұшырғанын жаздық.