Үкімет бұл шаралар елдің валюталық қорын сақтап қалу үшін.
Иран төңірегіндегі қақтығыс пен Ормуз бұғазы арқылы жеткізілім жүйесінің бұзылуы Үндістан экономикасына ауыр тиген.
Энергия тасымалдаушылар бағасының қымбаттауы да жағдайды ушықтырған.
Соңғы айларда елдің валюталық резерві ондаған миллиард долларға азайған.
Осыған байланысты Нарендра Моди халыққа бірнеше ұсыныс жасады.
Премьер-министр жанармай үнемдеу үшін қашықтан жұмыс істеуге көшуге шақырды.
Сондай-ақ қоғамдық көлік пен ортақ автокөлік қызметтерін көбірек пайдалануды ұсынды.
Үкімет өсімдік майын тұтынуды азайту қажет екенін айтты.
Бұдан бөлек, азаматтарға кем дегенде бір жыл бойы алтын сатып алмауға және шетелге саяхаттамауға кеңес берілді.
Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш қолдану көлемін екі есе қысқарту ұсынылды.
Үндістан билігінің мәлімдеуінше, қазіргі жағдайда жауапты тұтыну — экономиканы сақтап қалуға қажет патриоттық қадам.
Осыған дейін Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты ЕО энергия шығындары 24 млрд еуроға артқаны туралы жаздық.